Абай облысында заңсыз дизель отынын тасымалдағандар ұсталды
![Абай облысында заңсыз дизель отынын тасымалдағандар ұсталды Абай облысында заңсыз дизель отынын тасымалдағандар ұсталды](/storage/storage/element/2023/06/18/mainphoto/55427/1200xauto_BRnOlqMcHluqZDGlX18LnNfHIIE9vQYU8fCQ64hX.jpg)
Абай облысының полицейлері дизель отынын заңсыз тасымалдау фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 829-шақырымында Көкпекті ауданының 44 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан ГАЗ-27390 көлігін тоқтатты.
Тексеру барысында жүргізуші өз көлігінде жалпы көлемі шамамен 2 тонна 600 литр дизель отынын тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны анықталды. 44 жастағы заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы 3-бөлігі (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, осы баптың санкциясымен жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)