Абай облысында үздік жастар марапатталды
Абай облысында дәстүрлі «Бірге! Бір толқында» жастар форумы өтті. Форум жастар ұйымдарының көшбасшылары, еріктілер, белсенділер, аймақтағы студенттер клубтарының мүшелерін біріктірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жастар болашақтың қозғаушы күші екенін атап өтті.
Бүгін біз жаңа ұрпақтың ең жарқын, талантты және ынталы өкілдері жастарға құрмет көрсетіп, шабыттандыру үшін жиналып отырмыз. Жастар - ел болашағы. Сондықтан сіздер жаңа идеяларды дүниеге әкеліп, жүзеге асыруға батылдық танытасыздар. Сіздердің облыстың қоғамдық өміріне араласып, белсенділік танытып жүргендеріңізді білемін. Білім мен ғылым, өнер мен спорт, волонтерлік қызмет пен кәсіпкерлік салаларда еңбек етіп, жетістікке жеткен замандастарыңыз аз емес. Бұл Абай облысының дамуына қосқан баға жетпес үлестеріңіз. Біздің болашағымыз сіздердің қолдарыңызда. Сіздер жаңа биіктерге жетіп қана қоймай, басқаларға үлгі боласыздар деп сенемін, — өңір әкімі.
Іс-шара барысында 7 түрлі номинацияда жеңіске жеткен жастар Алғыс хат, естелік сыйлық және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
«Жыл көшбасшысы» - Өмірәлінов Ерасыл Серікұлы;
«Жылдың жас дарыны» - Садуханов Ерқанат Ерғазыұлы, Қайсар Мұхтар;
«Үздік жастар ресурстық орталығы» - Аягөз ауданы, Курчатов қаласы;
«Жылдың үздік жобасы» - Таев Ерасыл Қайратұлы, «Soul Voice» жобасының авторы;
«Жылдың жас еңбек адамы» - Сейтбеков Елдос Айдынбекұлы;
«Жылдың жас волонтері» - Сүлейменова Наргиз Асхатқызы, Мәулетханов Аян Әділбекұлы;
«Жылдың жас отбасы» - Сағынбаевтар отбасы.
Әкімдіктегілердің айтуынша, биыл байқауға 80-ге жуық үміткер өз құжаттарын тапсырған. Форумда би, вокалдық топтар, жеке орындаушылар, «Вена балы-2024» сайысының жеңімпаздары өнер көрсетті.