Жаңалықтар

Абай облысында үздік логотип пен брендбук таңдалды

Дауыс беру нәтижелері бойынша «Семей коркем» жарнама агенттігінің жұмысы үздік деп танылды
Абай облысында үздік логотип пен брендбук таңдалды
Фото: gov.kz 28.10.2022 12:36 3363

Сараптама комиссиясы облыстың үздік логотипі мен брендбукіне арналған конкурсты қорытындылады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Абай облысының әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Оның құрамында қоғам, өнер, БАҚ және Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері бар. Дауыс беру нәтижелері бойынша «Семей коркем» жарнама агенттігінің жұмысы үздік деп танылды. 

Жұмыстың негізгі идеясы – нақты негізделген геометриялық сызықтары бар стильді және заманауи логотип. Жазу атрибуттарын қолдана отырып, білім мен мәдени ағартушылыққа баса назар аударылды. Міндеттердің бірі – ұлы Абайдың Отанын ағарту мәдениеті тұрғысынан көрсету. Бірегей түс схемасы аймақтың табиғи ландшафтынан алынған.

Екінші және үшінші орын – «Артекс» компаниясы мен жеке тұлға Ш.Ақановтың иелігінде. «Артекс» компаниясының нұсқасында стильдендірілген А және О әріптері Абай облысының аббревиатурасын білдіреді. Ш. Ақановтың жұмысында басты идея – Семей қаласы, Алашорданың астанасы, әйгілі аспалы көпір – облыс сәулет өнерінің маржаны.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға