Жаңалықтар

Абай облысында тұрғын үй құрылысының көлемі артты

Абай облысында тұрғын үй құрылысының көлемі артты
Фото: Абай обоысының әкімдігі 22.07.2023 22:42 888

Баспанаға мұқтаж азаматтары тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекет алдындағы басты міндет және оны іске асыруға барлық мемлекеттік органдар жұмылдырылған. Бұл туралы Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2022 жылдың қорытындысына сәйкес Абай облысында 3352 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

2023 жылға 66 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жоспарланған, оның ішінде 343,1 мың шаршы метрді қолданысқа беру жоспарланған.

Оның ішінде 18 тұрғын үй (1048 пәтер), 26 коммерциялық тұрғын үй (1235 пәтер), сондай-ақ жеке тұрғын үйлер (134,789 мың шаршы метр) бар.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 130,102 мың ш.м. пайдалануға берілді, бұл ретте құрылыс көлемінің өсуі 2022 жылғы көрсеткіштерге 130%-ды құрады.

Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында 2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 576 жалға берілетін пәтер сатып алу жоспарлануда. Оның ішінде 72 пәтер пайдалануға беріліп, 28 пәтер сатып алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға