Абай облысында түн ішінде монша өртенді

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
11.01.2025 04:28
836
Абай облысында ТЖМ қызметкерлері моншадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысы Жарма ауданы Шар қаласында тұрғын үй аумағындағы моншаның шатыры өртенді. Тілсіз жау шарпыған аумақ 4 шаршы метрді құраған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласуды қаперге салады.
Бөлісу:
