Жаңалықтар

Абай облысында тағы бір ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартты

Абай облысында тағы бір ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартты
Фото: Видеодан кадр 24.04.2025 23:45 133

Абай облысында «Зиялы қауым» атты бірегей бағдарлама жүзеге асырылуда. Бағдарлама «Тәртіп — бәрімізге ортақ іс» қағидасына негізделген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соның аясында жергілікті қауым өкілдері полиция жұмысына белсенді түрде тартылуда. Олар проблемалық аумақтарды тексеру бойынша өз ұсыныстарын білдіреді, құқықбұзушылықтардың алдын алуға қатысады, әлеуметтік бейімсіз адамдармен жұмысқа көмектеседі, бірлескен патрульдеуге қатысады және, маңыздысы, салауатты өмір салтын, оның ішінде ішімдіктен бас тартуды насихаттайды. 

Бесқарағай ауданының Бірлік ауылында ақсақалдардың қолдауы мен учаскелік инспекторлардың өзара іс-қимылының нәтижесінде ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тарту жөнінде ортақ шешім қабылдады. 

Облыстық ПД мәліметінше, қазірдің өзінде оның нәтижесі байқалуда, ауылда тұрмыстық жанжалдар, құқықбұзушылықтар мен полиция шақыртулары едәуір азайған.

Тұрғындар полицияның серіктесіне айналған кезде бұл біздің жұмысымызды жеңілдетіп қана қоймай, бүкіл жағдайды түбегейлі өзгертеді. Адамдар өз ауылы үшін жауапкершілікті сезініп, оның болашағына ықпал ете бастайды, - деді учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Серіков Айдын.

«Зиялы қауым» бағдарламасы – бұл бір реттік акция емес, ұзақ мерзімді оң өзгерістерге бағытталған жүйелі тәсіл. Бағдарлама аясында ұрпақтар арасындағы жоғалған байланыс қалпына келтірілуде, құқық қорғау органдарына деген сенім артып, дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет қайта оралуда. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға