Абай облысында суға батқан 10 жасар бала құтқарылды
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
28.06.2024 14:45
579
Бүгін Семей қаласында Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Ибраев Аян Ертіс өзенінің аумағында патрульдеу жүргізу кезінде қалалық жағажай аумағында 2014 жылы туған баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақпарат жинау барысында бала, ересектердің қарауынсыз қалып, алыс қашықтыққа жүзіп, суға бата бастағаны анықталды.
Суға батып бара жатқан баланы көрген Аян көмекке асығып, баланы жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет емес еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Олжас Бектенов БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады