Абай облысында су тасқыны қаупі бар учаскелер әуеден бақыланды

Фото: Абай облысының әкімдігі
Фото: Абай облысының әкімдігі
23.03.2025 20:13
437
Абай облысында су тасқыны қаупі бар аумақтар тікұшақпен бақыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Алексей Штыкель және Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұрсұлтан Алдоңғаров ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағымен Абай, Аягөз, Жарма аудандары аумағында аэровизуалды тексеру жүргізді. Аягөз, Қарасу, Шар өзендеріндегі гидрологиялық жағдайды бақылады.
Қадағалау барысында қардың еріп жатқаны, өзендердегі мұз бетіндегі шұқанақтардың пайда болуы байқалды. Алайда су деңгейінің көтерілуі, мұз кептелісі анықталмады. Алда мониторингтік жұмыстар жалғасады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Маңғыстау облысында Бейнеу астық терминалының жұмысы жанданды
Келесі жаңалық
Бокстан Әлем кубогы: Қазақстанның ерлер құрамасы анықталды