Жаңалықтар

Абай облысында шетелдік азамат есірткінің аса ірі партиясымен ұсталды

Абай облысында шетелдік азамат есірткінің аса ірі партиясымен ұсталды
Фото: © Polisia.kz 16.10.2023 19:44 696

Абай облысында шетелдік азамат есірткінің аса ірі партиясымен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, облыс прокуратурасының үйлестіруімен, синтетикалық есірткінің аса ірі партиясымен 35 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.

Шетелдіктің тұрғылықты жерін тінту барысында тыйым салынған заттың 2 пакеті, сондай-ақ өлшеп-орауға және өлшеуге арналған құрылғылар табылды: таразы, электр таспасы және пакеттер. Тергеу барысында көрші елдің тұрғыны облыс орталығында бетбелгілерді тарату арқылы синтетикалық есірткі сатуды жоспарлағаны белгілі болды. Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат салмағы – 71,49 грамм мефедрон психотроптық заты табылды, сондай-ақ Альфа PVP психотроптық заты салмағы – 81,67 грамм. Есірткі құралдарының жалпы салмағы – 153,16 грамм. Мәселен, өңірдің полицейлері 1500 бір реттік дозаны жеткізуге жол бермеді, бұл қара нарықта партияның құны 4 миллион теңгеден асады, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта жедел уәкілдер Абай облысына есірткі жеткізудің өзге де арналары анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға