Абай облысында шегірткеге қарсы күрес басталды
Фото: Абай облысының әкімдігі
Фото: Абай облысының әкімдігі
23.07.2024 02:35
551
Абай облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақсуат ауданына қарасты Ойшілік, Құмкөл және Екпін ауылдық округтерінде 6900 га жерге шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жүргізілген.
Аталған ауылдарда шілде айында жүргізілген жұмыстар үшін қосымша екі арнайы техника жұмылдырылып, аудан көлемінде «SATTI TULIK» ЖШС және «Бағжан» ЖК көмегімен алты арнайы техника жұмыс істеді.
Бұдан бөлек, 1560 га аумақты өңдеу жоспарланған. Ал, Қызылкесік ауылдық округінің Үштөбе елді мекеніндегі 1260 га жайылымдық жері де өңделген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға