Жаңалықтар

Абай облысында Сабантой мерекесі аталып өтті

Абай облысында Сабантой мерекесі аталып өтті
Фото: Абай облыстық әкімдігі 26.08.2023 21:40 964

Сабантой мерекесі өңірде жыл сайын  тойланады. Бұл туралы облыстық әкімдікке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес қала тұрғындары мен қонақтары Бейбітшілік аралында өтетін шараға қатысып, татар халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен танысып, ұлттық тағамдарынан дәм татты, - делінген мәліметте.

Шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев та қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

Жылда кең көлемде тойланатын ұлттық мереке түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына біріктірді. Семейлік қолөнер шеберлерінің сәндік-қолданбалы бұйымдар көрмесі қойылып, Абай облысының өлкетанушылары ескі жәдігерлер топтамасын халыққа ұсынды.

Сондай-ақ, татар мұражайы «Татар халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрі» тақырыбында экскурсия ұйымдастырды. Бұдан бөлек, концерттік бағдарлама ұсынылып, республиканың түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар өнер көрсетті. Қала тұрғындары мен қонақтары түрлі байқауларға қатысып, татар халқының ұлттық ойындарын тамашалады.

Сабантой – күз маусымының басталуына сәйкес келетін, бауырлас халықтың мәдени мұрасын, қонақжайлылығын көрсететін көне мереке.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға