Абай облысында құрғақ шөп өртенді
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов
20.07.2023 05:26
1095
«Семей Орманы» МОТР Беген филиалының операторынан өртке қарсы қызметіне Рамазан және Өндіріс ауылдарының арасында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына дереу ЖАО, «Семей Орманы» МОТР және Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілген.
Мамандар келгеннен кейін ашық аумақта 12 гектар құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Күштер мен құралдардың жедел ден қоюының арқасында өрт оқшауланып, қысқа мерзімде сөндірілді, - деп мәлімдеді ТЖМ.
Өртті сөндіруге барлығы 16 адам және 6 техника жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті