Абай облысында қауіпті өрт сөндірілді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
16.02.2025 12:05
569
Абай облысында ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мақаншы ауданы Мақаншы ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында бір шатырдың астындағы гараж, дүкен және шаруашылық құрылысы жанды.
Өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына 4 минутта жетті. Өрттің кеш хабарлануына және шатрыдың ағаштан жасалуына байланысты өрт өрши түскен.
Құтқарушылар сыйымдылығы 50 литр болатын екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, 140 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шымкентте қайырымдылық қоры оқушы қыздарды заңсыз ұстап келген
Келесі жаңалық
Президент тағы бір заңға қол қойды