Жаңалықтар

Абай облысында қарулы күштердің қызметкерлері мен әскери техникасы өртті сөндіруге қосылды

Абай облысында қарулы күштердің қызметкерлері мен әскери техникасы  өртті сөндіруге қосылды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 10.06.2023 17:57 843

Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі ТЖМ Республикалық жедел штабына "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өрт аумағынаа Қарулы күштер бөлімшелерінің іс-қимылын үйлестіру және басқа ведомстволармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов арнайы барды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаевтың апат аймағында атқарылған іс-шаралар туралы баяндамасымен танысты. 

Жеке құрам арасында шығынға жол бермеу үшін барлық қауіпсіздік шараларын қарастыру қажеттігін атаған қорғаныс ведомствосының басшысы 
өртке қарсы іс-шараларға 300-ден астам әскери қызметші қатысып жатқаны атады. Бұдан өзге "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 30 арнайы әскери техникасы тартылған.

Қазіргі уақытта дағдарыс ауданына жөнелтуге Аягөз гарнизонының 500-ден астам әскери қызметшісі және 30 техникасы дайын тұр. Сондай-ақ 200 адамнан тұратын резерв құрылды.

Әуеден өртті сөндіруге армиялық авиацияның бес Ми-17, Ми-17Ш тікұшағы жұмылдырылды. Ұшу экипаждары өрт ошақтарына 400 тоннадан астам су төкті.  

Әскери қызметшілер қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген, оларды тамақтандыру және демалу үшін орналастыру ұйымдастырылған.
ҚР Қарулы күштері өртті оқшаулау және жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға