Жаңалықтар

Абай облысында полиция құны 20 млн теңгеден асатын мефедрон тәркіледі

Абай облысында полиция құны 20 млн теңгеден асатын мефедрон тәркіледі
Фото: Polisia.kz 31.12.2024 05:24 332

Абай облысында полиция құны 20 млн теңгеден асатын мефедрон тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Абай облысында синтетикалық есірткілерге байланысты ең ірі қылмыстардың бірі анықталып, жолы кесілді.

Семей қаласында полиция қызметкерлері 500 грамнан астам психотроптық зат – мефедронды тәркіледі.

Бұл мөлшер шамамен 1 500 бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 20 миллион теңгеден асады.

Заңсыз бизнесті ұйымдастырғандар – 26 және 28 жастағы семейлік екі тұрғын. Олар интернет-дүкен арқылы есірткі таратумен айналысқан. Алайда олардың әрекеті тоқтатылып, қазір олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген мәліметте.

Жеткізу арнасының жойылуы жүздеген адамды есірткіге тәуелділіктен және мүмкін болатын қайғылы оқиғалардан құтқарды. Ішкі істер органдары есірткі қылмысына қарсы күресті жаңа жылда да табандылықпен жалғастыратынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға