Жаңалықтар

Абай облысында өткен жәрмеңкеде картоп 240 теңгеден саудаланды

Абай облысында өткен жәрмеңкеде картоп 240 теңгеден саудаланды
Фото: ©El.kz/Жалгасбек ТОКТАМЫСОВ 27.01.2025 08:42 223

Абай облысында азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында тиісті шаралар атқарылуда. Бұл туралы әкімдіктегілер мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәселен, апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Облыс орталығындағы «Северный» сауда-логистикалық орталығында бұл жолы Жаңасемей ауданының шаруалары өз өнімдерін саудалады.

Жәрмеңкені облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов аралап, сөредегі бағаларды қадағалады. Өнімдер нарық бағасынан әдеттегідей төмен бағада сатылды. Атап айтқанда, сиыр еті - 2500 тг, жылқы еті - 2500-2700 тг, картоп - 240 тг, қырыққабат - 140 тг, сәбіз 100 теңгеден саудаланды.

Облыс әкімінің орынбасары жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасатынын, тұтынушыларға сапалы әрі табиғи өнімдердің ешбір делдалсыз сатылатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға