Жаңалықтар

Абай облысында ормандарды өрттен қорғаудың механикаландырылған пункттері орнатылады

Абай облысында ормандарды өрттен қорғаудың механикаландырылған пункттері орнатылады
Фото: t.me/KZgovernment 15.04.2025 11:17 305

Үкімет отырысында Абай облысында өртке қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы өңір әкімі Берік Уәли баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол жыл басынан бері облыс аумағында 1 орман өрті, 1 дала өрті және құрғақ шөптің 66 жану фактісі тіркелгенін атап өтті.

Биылғы 4 сәуірде Бесқарағай ауданында құрғақ шөптің жануы салдарынан «Семей орманы» табиғи резерваты аумағы өртенді. Жалпы жанған аумақ алдын ала есеп бойынша 1,2 мың гектарды құрады. Оның 400 гектары орман алқабы, 800 гектары жайылымдық жер. Резерватта 1,4 мың гектарда құрғақ шөпті арнайы өртеу жұмыстары жүргізілді және облыс аумағында 16,3 мың шақырым минералды жолақтар жүргізілді.

Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 170 адамнан тұратын 38 мобильдік топ құрылды. Арнайы 7 рейдтік іс-шара өткізіліп, өрт қауіпсіздік қағидасын бұзудың 4 фактісі анықталды, - деп атап өтті Берік Уәли.

Өрт ошақтарын ерте анықтау мақсатында «ҚазақстанҒарышСапары «ҰК» АҚ-мен өзара іс-қимыл шеңберінде термиялық нүктелердің космомониторингі қамтамасыз етілді.

«Семей орманы» резерватымен бірлесіп, елді мекендердің жанында орналасқан орман алқаптарын қорғау үшін механикаландырылған күзеттер орналастырылады. Сонымен қатар, резерват аумағында «Қазавиаорманқорғау» республикалық кәсіпорынның су төгетін құрылғыларымен 2 Eurocopter кезекшілік жүргізуде. Бұдан бөлек Семей қаласының әуежайы базасында «Қазавиақұтқару» кәсіпорнының (МИ-8) тікұшағы және Қорғаныс министрлігінің су төгетін құрылғылары бар 2 тікұшағы кезекшілікте тұр.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Бесқарағай ауданының Глуховка ауылында өрт сөндіру бекеті іске қосылды Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 3 өрт сөндіру бекеттері ашылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға