Абай облысында офицердің денесі табылды

Фото: ©El.kz/Арман Мухатов
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов
20.09.2024 11:57
694
Абай облысында әскери қызметкердің денесі табылды. Бұл туралы Аягөз гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
19 қыркүйекте өзі өмір сүретін пәтерден Аягөз гарнизонының әскери бөлімі офицерінің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол суицид жасаған, - делінген мәліметте.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Әскери қызметкердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында сержанттың денесі табылған. Қазіргі таңда өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Атырауда 4 жасар бала терезеден құлап, мерт болды
Келесі жаңалық
ІІМ бір аптада 110 келіден астам есірткі тәркіледі