Жаңалықтар

Абай облысында науқастар тегін дәрілерді сатып алуға мәжбүр болған

Абай облысында науқастар тегін дәрілерді сатып алуға мәжбүр болған
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 10.01.2025 11:57 142

Антикордың ұсынысы бойынша тегін дәрі-дәрмектерді беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС-нің медициналық препараттарды уақтылы жеткізбеу фактілері анықталды.

Бұл тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келген. Медициналық мекемелерде нақты жағдайды жасыру үшін «жалған рецепттер» жазылған. Құжаттарға сәйкес пациенттер дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген, - делінген мәліметте.

Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханаларында Денсаулық сақтау министрлігінің «Әлеуметтік әмиян» қосымшасында QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта бұл дәрі-дәрмектерді алудың балама әдісі, алайда ол қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетуде

QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жөніндегі жоба пилоттық режимде іске қосылды және қорытындысы бойынша оны барлық республика бойынша масштабтау жоспарлануда. 2024 жылы пациенттер санының 14%-ға өсуіне қарамастан (2023 ж. – 77,6 мың, 2024 ж. – 88,8 мың), Абай облысында жазылған рецепттер санының 24,8 мыңға төмендеуі байқалады (2023 ж. – 707,6 мың рецепт, 2024 ж. - 682,4 мың рецепт), - деп қосты агенттік. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға