Абай облысында мектеп оқушысы жоғалып кетті

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
17.01.2023 19:31
1551
Абай облысында 2009 жылы туған мектеп оқушысы хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Қазіргі сәтте полиция қызметкерлері Рахымғалиев Ақсұлтан Нұрланұлын жан-жақтан іздеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол 2023 жылдың 17 қаңтарында сағат 7:40 шамасында үйден шығып, мектепке аттанған. Содан бері әлі үйіне оралмаған.
«12 жастағы оқушының бойы - 1 метр 40 сантиметр, арықтау келген, шашының түсі - қара. Үйінен капюшоны бар қара көк күрте, көк түсті шалбар (мектеп формасы), қара түсті етік және көк түсті қалпақ киіп шыққан», деп жазды Polisia.kz сайты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада тротуарлар мен жолдардың мұзы тазартылып жатыр
Келесі жаңалық
Ауыл мектебінің түлектері көпбалалы анаға баспана сыйлады