Жаңалықтар

Абай облысында көз жұмған тракторшыға мемлекеттен көмек көрсетілмейді – Жандос Өмірәлиев

Абай облысында көз жұмған тракторшыға мемлекеттен көмек көрсетілмейді – Жандос Өмірәлиев
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 14.06.2023 12:37 2352

Абай өңірінде денесі табылған тракторшы Сергей Архиповтың отбасына көмек қоры берілмейді. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Сергей Архипов орман өртінен қаза тапқан жоқ, сондықтан оның отбасына көмек қоры берілмеуі мүмкін.

Ол азамат өрт алқабынан тым басқа жерден табылған. Оның тракторы да басқа жерден табылды. Бұл жағдай оның отбасы үшін ауыр жағдай. Ол өрттің салдарынан қаза болмаған. Тиісінше өрттен қайтыс болған азаматтардың санатына жатпайды. Дегенмен бұл мәселені өңірдің облыстық әкімдігі қарастырады. Егер кәсіпкерлер мен әкімдік өкілдері көмек берем десе, бұл ешқандай заңға қарсы емес, - деді Жандос Өмірәлиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға