Жаңалықтар

Абай облысында көпірді су шайып кетті

Абай облысында көпірді су шайып кетті
Фото: Видеодан алынған кадр 27.03.2024 12:16 746

Абай облысының Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтеріліп, көпірдің жол төсемі шайылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы жоқ.

Облыстық ТЖД мәліметінше, басқа айналма көлік жолдары арқылы елді мекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Полиция департаментінің қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырды. Халықты Аягөз өзені арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді, олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегімен өткелдік жұмыстарды жүзеге асыратын болады, - делінген мәліметте.

Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Abai oblysy TJD • ДЧС области Абай (@abaioblysytjd)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға