Абай облысында көлік аударылып, жүргізушісі қаза тапты

Абай облысындағы «Семей-Қайнар» тасжолында аударылып түскен көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Семей-Қайнар» тасжолының 41 шақырымында болған.
Chevrolet» маркалы автокөліктің 46 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік аударылып түсті. Жүргізуші сол жерде қаза болды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР ҚК-нің 201-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілуге жатпайды.
