Абай облысында кәсіпкерге кедергі келтірген әкімдік қызметкері жауапқа тартылды

Абай облысында кәсіпкерге кедергі келтірген әкімдік қызметкері жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Облыс прокуратурасының актісі бойынша құны 6 млрд теңге болатын «Қағаздан және картоннан бұйымдар өндіру» жобасын іске асыратын «Қазполиграф» ЖШС проблемалық мәселесі шешілді.
Семей қаласының жер қатынастары бөлімінің «Казполиграф» ЖШС өтініші бойынша 5 ай бойы бюрократия құра отырып, аукцион өткізу және жер учаскесін берудің қажетті құжаттарын бекіту мәселесін созғаны анықталды. Өткізілген аукцион бойынша уәкілетті органның кінәсынан «Казполиграф» ЖШС жеңімпазымен шарт жасалмаған, – делінген прокуратура хабарламасында.
Облыс прокуратурасының араласуынан кейін ғана уәкілетті орган қайта аукцион өткізіп, «Казполиграф» ЖШС-мен шарт жасасып, жер учаскесін беру бойынша жұмысты бастады. Қадағалау актісі бойынша жер қатынастары бөлімінің кінәлі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
