Жаңалықтар

Абай облысында «гастрольдік квартет» атанған пәтер ұрылары ұсталды

Абай облысында «гастрольдік квартет» атанған пәтер ұрылары ұсталды
Фото: polisia.kz 28.12.2024 17:38 263

Абай облысында полицейлер ірі ұрлыққа қатысы бар пәтер тонаушылар тобын қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің қатысуымен жедел ұстау операциясы жүргізіліп, күдіктілердің әрекеттері қылмыс жасау кезінде тоқтатылды.

Оперативті қызметкерлердің анықтауы бойынша, «гастрольдік квартет» атанған топ ШҚО-дан Семей қаласына 19 желтоқсанда келген. Келесі күні күдіктілер пәтерден 15 миллион теңгеден астам қаржының мүлкін ұрлап кеткен. Ұрланған заттардың ішінде алтын бұйымдар мен сейфтен алынған қомақты ақша бар, - делінген мәліметте.

Қылмыстық схема әдеттегідей жоспарланған: екі қатысушы пәтердің құлпын кілт таңдау арқылы ашқан, ал қалған екеуі сыртта қауіпсіздікті бақылап тұрған. Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты ғимаратқа заңсыз кіру арқылы ұрлық жасау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оларға мүлікті тәркілеумен бірге жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуда.

Айта кетейік, ұсталғандар бұрын да осындай қылмыстар үшін сотталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға