Абай облысында «Ғашықтар» саябағы ашылды
Фото: Абай облыстық әкімдігі
Фото: Абай облыстық әкімдігі
14.10.2023 01:26
1027
Абай облысының Бесқарағай ауданы орталығының Мұхтар Әуезов көшесінің бойында жаңа «Ғашықтар» саябағы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдіктің мәліметінше, саябақта абаттандыру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 440 шаршы метр жерге қоршау орнатылды. Жаяу жүргіншілер жолына терек ағашы мен 10 көк шырша көшеті отырғызылды.
Алаңда көпір мен жүрек түріндегі шағын архитектуралық пішін, сәндік орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. Сондай-ақ саябақ қуаты 150 Вт болатын 6 шаммен жарықтандырылған.
Жаңа «Ғашықтар» саябағының ашылуында жастар некесін қиды. Ал оларға жақында ғана «алтын тойын» тойлаған Жетіжар ауылының құрметті азаматтары ақ батасын берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Францияда ер адам мектепке шабуылдап, бір адам көз жұмды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйелін өртеп жіберді