Жаңалықтар

Абай облысында есірткі арнасының жолы кесілді

Абай облысында есірткі арнасының жолы кесілді
Фото: © Polisia.kz 15.11.2023 19:15 989

Абай облысында а-PVP психотроптық затын жеткізу арнасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мемлекет басшысының құқық қорғау органдарының алдына қойған ішкі істер органдарының басым міндеттерінің бірі.

Абай облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті өңірде есірткі құралдарын әкелу және тарату арналарының жолын кесу. Осы жылдың 13 қарашасында ішкі бақыланатын жеткізу әдісі бойынша полицейлер Павлодар облысының екі тұрғынын ұстады, олар Семей – Павлодар – Алматы – Семей транзитімен синтетикалық есірткі сатуды жүзеге асырған.

Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ІІМ-нің үйлестіруімен облыс орталығында ұзақ уақыт бойы а-PVP сияқты есірткі құралдарының ірі партияларын жеткізумен айналысқан есірткі сатушыны анықтады.

Жеке тінту кезінде 21 жастағы павлодарлықтан спорттық сөмкеден қара түсті скотч-лентамен оралған полиэтилен пакет табылып, тәркіленді, оның ішінде сұр түсті кесек тәрізді зат болды. Жалдамалы пәтерде 10 граммнан астам психотроп, сондай-ақ орауға арналған құрылғылар табылып, тәркіленді: 5 орам оқшаулағыш таспа және электронды таразы.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, зерттеуге алынған зат салмағы 1,012 келі a-PVP психотроптық заты, ол 7 мың бір реттік дозаны құрайды, қара нарықта 45 млн теңгеден астам бағаланады. Аталған факті ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға