Абай облысында екі ауыл таратылады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
31.07.2023 11:44
1455
Абай облысының Аягөз ауданына қарасты екі ауыл таратылуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқи отырыңыз:
«Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
- Қоңыртау ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;
- Қопа ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Тарлаулы ауылдық округінің Тарлаулы ауылының құрамына енгізілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Абай облысы әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде.
Құжат 10 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға