Абай облысында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Облыста егін жинау науқаны жалғасуда. Биылғы жылы жалпы жиналатын аудан 749,6 мың гектарды құрайды, оның ішінде дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар – 299,0 мың, майлы дақылдар – 295,8 мың гектар, оның ішінде күнбағыс – 290,1 мың гектар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Картоп 5,8 мың гектардан, көкөністер – 3,8 мың гектардан, қауын-қарбыз – 1,5 мың гектардан, жемшөп дақылдары – 143,5 мың гектардан жиналады деп жоспарланып отыр.
22 тамызға дейін 50,5 мың гектар дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар, 0,4 мың гектар картоп, 0,2 мың гектар көкөніс-қауын-қарбыз дақылдары жиналды.
Қала мен аудан әкімдіктерінің оперативті деректері бойынша дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдардың жалпы өнімі 14,1 ц/га орташа өнімділікпен 71,2 мың тоннаны құрайды, картоп – 225 ц/га орташа өнімділікпен 9,0 мың тонна, көкөністер – 218,1 ц/га орташа өнімділікпен 3,5 мың тонна, қауын-қарбыз – 185,2 ц/га орташа өнімділікпен 1,5 мың тонна.
