Жаңалықтар

Абай облысында дәнді дақылдың 143,8 мың гектар алқабы жиналды

Абай облысында дәнді дақылдың 143,8 мың гектар алқабы жиналды
Фото: Абай облыстық әкімдігі 15.09.2023 05:35 588

Абай облысында күзгі дала жұмыстарына және 2023-2024 жылдардағы мал қыстауына жем-шөп дайындау жұмыстары қарқынды жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, бүгінде 143,8 мың га дәнді дақылды, сондай-ақ 2,01 мың га көкөніс пен бақша дақылын, 2,2 мың га картопты жинау жұмыстары сәтті аяқталды.

Мал азығын сатып алу жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Қазіргі таңда 854,2 мың тонна шөп, 40,3 мың тонна пішендеме, 9,1 мың тонна сүрлем, 32,5 мың тонна сабан, 8,2 мың тонна құнарлы жем дайын, - делінген мәліметте

2023-2024 жылдары аудандардың ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтарына қыс мезгіліне 1153,1 мың тонна шөп, 48,8 мың тонна пішендеме, 59,3 мың тонна сүрлем, 85,1 мың тонна сабан, 117,8 мың тонна құнарлы жем дайындау қажет.

Айта кетсек, шілде-тамыз айларындағы тапсырыс кезінде егін жинау науқанына 6 139 мың тонна дизель отыны сатып алынды, бұл 100%-ды құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға