Жаңалықтар

Абай облысында бір күнде 7 адам суға батып кете жаздады

Абай облысында бір күнде 7 адам суға батып кете жаздады
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 25.07.2024 22:36 544

Абай облысында бір күнде 7 адам суға батып кете жаздады. Құтқарушылар оларға дер кезінде көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Семей қаласының Ертіс өзенін патрульдеу кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ерболат Айтқазы мен Әнуар Тағаев 7 адамды құтқарып қалды. Олардың бесеуі ағыс алып кете жаздаған 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер. 

Сонымен қатар құтқарушылар 1982 жылы туған ер адам мен әйелді жағаға шығарды.

Құтқарылғандар ешбірі зардап шекпеді, оларға медициналық көмек қажет болмаған. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға