Абай облысында балаларға арналған күрес залы ашылды
Абай облысының Бесқарағай ауданына қарасты Малая Владимировка ауылында жас спортшылар үшін күрес залы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорт нысанының жалпы ауданы 140 шаршы метрді құрайды. Заманауи залдың барлық қажетті жабдықтармен жабдықталғаны айтылды. Спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған киім ауыстыратын бөлмелер, сондай-ақ ауыз су жүйесі шешімін тапқан.
Ашылу салтанатында ауылын спортының дамуына үлес қосқан белгілі тұлғалардың еңбегі атап өтілді. Олардың қатарында елміздің қазақ күресінен спорт шеберлері Тоғайбек Кирибаев, Құмар Мұқашев, Есенгелді Изатов және Амантай Қазымов бар.
Жаңа зал ауыл жастары арасында спортты насихаттау мен болашақ чемпиондарды дайындауға өзіндік үлесін қосады деп күтіліп отыр.