Жаңалықтар

Абай облысында ауыл шаруашылық техникалары жаңартылуда

Абай облысында ауыл шаруашылық техникалары жаңартылуда
Фото: Абай облысы әкімдігі 11.03.2025 05:20 120

Биыл Абай облысындағы Ақсуат ауданындағы шаруа қожалықтарына лизинг арқылы жаңа техникалар сатып алынады. Ауданға 60 трактор, 60 қосалқы агрегат алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның облыстық филиалы лизингке ауыл шаруашылығы техникаларын алуға құжат қабылдауды бастағанын атап өтті. Қазір Құмкөл, Кіндікті және Қызылкесік ауылының 5 шаруа қожалығы бір трактордан сатып алу үшін құжат тапсырған.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар - ақпан айында Ақсуат ауданы бойынша лизинг арқылы «Беларус» маркалы төрт техника алынды. Бір шаруа өз қаражаты есебінен YTO-904 тракторына қол жеткізген. Сондай-ақ кәсіпкерлер 59 миллион теңгеге 5 жаңа трактор, 9 миллион теңгеге 3 қосалқы агрегат әкелген. 

Айта кетейік, Ақсуат ауданы 2023 жылы лизинг арқылы 27 ауыл шаруашылығы техникасын, 2024 жылы 46 трактор сатып алған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға