Жаңалықтар

Абай облысында алкогольді заңсыз өндірген жерасты цехы анықталды

Контрафактілі алкогольді 57 жастағы Семей тұрғыны жертөледе жабдықталған цехте дайындаған
Абай облысында алкогольді заңсыз өндірген жерасты цехы анықталды
Фото: nm45.ru 05.12.2022 09:50 1193

Абай облысында жертөледе анықталған жасырын цехте 1,5 тонна алкоголь табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірдің Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері алкогольді заңсыз дайындайтын жасырын цехтің қызметін тоқтату бойынша арнайы операция өткізді.

Контрафактілі алкогольді 57 жастағы Семей тұрғыны жертөледе жабдықталған цехте дайындаған. Ол спиртті қолмен құю желісін жасақтаған.

«Полиция қызметкерлері әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден астам алкогольді тәркіледі.
Оның жалпы құны 2,5 млн теңгеден асады», - делінген хабарламада.


Заңсыз өнім үлгілері физика-химиялық сараптамаға жіберілген.

«Бұл факті Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тіркеліп, жіберілді», - деді Абай облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Асет Шахантаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға