Жаңалықтар

Абай облысында алғашқы форель шаруашылығы ашылды

Абай облысында алғашқы форель шаруашылығы ашылды
Фото: Абай облыстық әкімдігі 28.07.2023 22:36 914

Семей қаласының Озерки ауылдық округінде Форель шаруашылығы іске қосылды. Онда сумен қамтамасыз етудің тұйық циклді технологиясы қолданылады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық әкімдік мәліметінше, биыл меншік иесі модульді үлгідегі үй-жай салып, балықты күтіп-баптауға арналған контейнерлер, арнайы жабдықтар сатып алған. Кәсіпкер болашақта бассейндерде форельді көбейтіп, өсіруді жоспарлап отыр.

Үкіметтің қаулысымен бекітілген балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында алғаш рет іске қосылған форель шаруашылығына Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өкілдері барып, заңнамаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілеріне мемлекет тарапынан жасалатын қолдау шаралары туралы түсініктеме берді, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға