Абай облысында «80 алғыс сөз» челленджі басталды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай елімізде «80 алғыс сөз» атты патриоттық флешмоб бастау алды. Бүгін бұл игі бастамаға Абай облысы да қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облыстық әкімдігінің мәліметінше, акцияға қатысушылар ардагерлерге деген алғыстарын білдіріп, бейбіт өмірдің, бостандық пен ата-бабалар ерлігінің қадірін атап өткен бейнежолдаулар жазып, мәтіндік жазбалар жариялауда.
Флешмоб әлеуметтік желілерде #ҰлыЖеңіс, #ДеньПобеды, #80СловБлагодарности, #80летПобеде, #80АлғысСөз, #ЖеңісҮшінРақмет хештегтермен өтуде. Әр өңірде әлеуметтік желілерде фотосуреттер, бейнематериалдар мен жеке оқиғалармен бөлісілген жазбалар жариялануда.
Аталған акция 15 сәуірде Шымкент пен Атырау облысында басталған болатын. 16 сәуірде челленджге Ақтөбе мен Қарағанды облыстары қосылды. Енді алғыс эстафетасы Түркістан облысы мен Абай өңіріне де жетті.
Ұйымдастырушылар облыс тұрғындарын игі іске атсалысып, ардагерлерге жүректен шыққан шынайы алғыс сөздерін жеткізуге шақырады.
