Жаңалықтар

Абай облысында 65 нысан салынады

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты
Абай облысында 65 нысан салынады
Фото: egemen.kz 30.09.2022 11:30 1306

Ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарымызды оңалту мәселесіне баса мән беруіміз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Семейде еліміздегі негізгі медицина университеттерінің бірі орналасқан. Қазір менің тапсырмаммен білім ордасы жанынан көпбейінді аурухана салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Менің тапсырмам бойынша Семейде онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы пайдалануға берілді. Балаларды оңалту орталығы салынып жатыр.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аймақта 65 нысан салынады. Біз ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарымызды оңалту мәселесіне баса мән беруіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға