Жаңалықтар

Абай облысында 60 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды

Абай облысында 60 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды
Фото: polisia.kz 07.02.2025 00:17 133

Абай облысында 60 жастағы ер адам алғаш рет жеке куәлігін алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, ол осы жылдар бойы ресми құжатсыз өмір сүріп келген. Енді көші-қон қызметінің көмегімен өзінің алғашқы жеке куәлігін алды.

Отбасылық жағдайға байланысты Өзбекстанға кеткен едім, 2017 жылдан бері азаматтығы жоқ адам ретінде өмір сүрдім. Бірақ қазір жеке куәліктің маңыздылығын түсіндім. Көрсеткен көмектері үшін полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Мен өз Отанымды сүйемін! Рақмет, – деді Владимир.

Көші-қон қызметінің мамандары мұндай жағдайлардың сирек емес екенін атап өтіп, құжаты жоқ азаматтарды ресми тіркеуге шақырады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға