Абай облысында 46,5 млн теңгенің бөлшектерін ұрлаған күдіктілер ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
31.12.2024 01:29
349
Абай облысында 46,5 млн теңгенің бөлшектерін ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, 2024 жылдың 24 қыркүйегі мен 19 қазаны аралығында белгісіз адамдар айлакерлікпен зауыттың қабырғасын бұзып, кәсіпорын филиалының суық қоймасына заңсыз кірген.
Олар арнайы техникаларға арналған қосалқы бөлшектерді ұрлап, жалпы құны 46 568 488,41 теңге шығын келтірген.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында күдіктілер анықталды. Олар алдын ала келісіп әрекет еткен үш ер адам болып шықты. Барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әлі де жалғасуда, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте 183 отбасы қоныс тойын тойлады