Абай облысында 15 жасар қыз жоғалып кетті

Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
05.11.2023 01:28
985
Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Валерия Ефанова 2 қараша сағат 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, қазіргі уақытқа дейін оралмаған. Үстінде ақ түсті күрте, аяқ киімі ақ, ақшыл түсті сөмкесі бар.
Жасөспірімнің белгілері: дене бітімі арық, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығын дейін. Кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 телефон номерлеріне немесе 102 арнасына хабарласуыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті