Жаңалықтар

Абай музейінде музей мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері талқыланды

Абай музейінде музей мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері талқыланды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.06.2024 15:15 447

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Абай мұрасы және заманауи музей: таным, білім-ғылым және тәрбие тоғысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшілері Шерхан Талап және Ербол Алшынбай қатысып, министр Аида Балаеваның құттықтау хатын табыстады.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» директоры  Ұлан Сағадиев: «Бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен абайтану ғылымы мен музей ісін өркендетуде ауқымды шаралар қолға алынуда. Абай мұрасын насихаттау – музей қызметкерлерінің басты міндеті», – деді.

Қатысушылар ұрпақ тәрбиесінде Абай шығармаларын оқытуда мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отырғанын тілге тиек етті.

Жиын соңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Хәкім Абай» орталығының директоры Жабал Шойынбеттің «Абай қарасөздерінің ерекшеліктері» кітабының тұсаукесері мен Абай шаңырақтарының арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға