Ақын рухымен серттесу, Алаш
04.12.2014 10:02
10885
Ақын рухымен серттесуМағжан БекенұлынаКере қарыс маңдайынан ғарышқа жол салып,Шаһиттік Ер ғұмыр шалқыған!Сұңғыла сертінде бодандық булығып,Дұғалы сөзінде азаттық аңқыған!Арыстан жүректі, абадан мінезді асылым!Ажалды жылатып, айбынды от жырың,Жалғанды жұбатты періште пәктігің.
Жан мұңын сөйлетіп,
Ар құнын құлпыртып,
Алаштың демінен Жұмақтың суретін билетіп,
Кешегі керауыз сатқынды састырып,
Бүгінгі сорауыз жалтаққа қастығып,
Көңілдің көгінде қырандай сусылдап,
Жүректің қобызын күңірентіп,
Қош келдің біздерге Ақ Сәуле – Ақтық Үн!
Тәңірі тірілтіп, Тәңірі қолдаған,
Бес күндік өмірдің өзегін жалғаған,
Ер Баба тілінен өр, дана Рухың нәр алып,
Сегіз қыр Сөзіңнен сегіз нұр таралып,
Күн шығыс көзінен күрең нұр
қара өлең лаулатып,
Күнбатыс көгіне Күн болып жаралып,
Алашқа Алланың Самалын естіріп,
Қош келдің бұл жерге қаһарман хас Ақын!
Қош келдің Жанарым!
Туған жер топырағын толғатып,
жібектей желімен сырласып,
шөбімен, аңымен, құсымен мұңдасып,
Түбі бір Түркі үшін,
Алтайдай құлазып,
Арқадай аңырап,
Тұранның төсіне жұлдызды
ойлары жамырап...
Қаламның ұшынанӘлемнің сезімін түрленткен
Ұлы Ақын!
Қош келдің Тәуелсіз Түркіге!
Қош келдің Тәуелсіз Қазаққа!
Даланың көшпелі Обалын ойлаған –
Сананың мәңгілік Шырағы.
Ойының киелі тұмары,
Рухы сусаса сусындар қасиет бұлағы –
Сендегі Аңсардың зарымен,
Үміттің қанымен көктеген жазбалар,
Қазақтың Есінде Дес болып жайқалып,
Жусандай бұрқырап тұр әлі!
Сен сендің Жастарға,
Сен сенген мына Мен –
Сөзіммен шайтанды шошыттым!
Өзіммен кәпірді жасыттым!
Желтоқсан желінде
Қайрат боп қаһарым жұлқынып,
Ажалға жүгірдім кегіммен ұмтылып!
Содан соң…
Кірпіктің ұшында қуаныш мөлдіреп,
Көзімнің ішінде Көк Туым желбіреп,
Арқаның төсіне айбарлы Астана орнатып,
Алаштың мерейін тасыттым!
Сен сенген мына – Мен,
Е-е-хе-һе-ей!!!
Қарашы,
Адамның аспантек баласы!
Иманым жүзімнен жыр болып шашырап,
Күн болып шаттанып, шалқақтап күлемін!
Білемін,
Көмейден күй сынды сұңқылдап тілегім,
Ел үшін жұлыным жұлынса өкінбен!
Хас Ақын,
Мен саған Ант етем!
Алланың жұпарлы Атымен Ант етем!
Әлемге сүйгізем Қазақтың хұсни Жүрегін!***************************************************************************************************************************АлашОлар...Сонау қария ғасырдаКүмбезді көк етіп,Төсекті жер етіп жаратқан даланың,Көкпеңбек көліне шомылып,Көгілдір тауына сүйенген.Көмейі көріктей ат мінген ұлдарыКүлте жал күреңмен жер жүзін шарлаған.Құлжадай қыздарыТобықтай төгілген шаштарын,Семсердің жүзімен тарған.Алаштың оғылан ұлдарыОсындай тамырдан қан алып.Осындай құрсақта жаралған.Шаттығы шанақтан күй болып өрекпіп,Қайғысы қобыз боп мұң шаққан.Найзасы жасындай жарқылдап,Жаңбырдай сіркіреп жебесіЖауына тіл қатқанДұшпанын теп-тегіс жусатқан,Бабасы тәрізді,Даласы секілді аумаған.Арқаның жеріндей арқасы жап-жалпақ,Алтайдың шыңындай рухы тым асқақ,Арманы –Алатау құзындай талықсып көз ұшта,Ажалы –Керілген киіктей тым сұлу, тыс қысқаАлаштың аймандай ұлдары! Кеш түссе күңіреніпБоздайды бұл далаБоздақтар үнімен,Білмейді-ау осы үндіБозөкпе ұлдарың,Кіндігін кірлеткен,Желетек қыздарың,Білмейді-ау сол үшінСаулы інген секілді сай-сүйек сыздарын.Тәуелді рухтыТәңір де кешірмес,Кешірмес жер басып жүруді,Алланың әр күні "Азат" деп зарланар,Алаштың оғылан ұлдарыСол үшін мерт болып,Сол үшін шәһит боп өлді олар. Өлерміз ол рас,Қабірден жолданғанҚұдайдың хаты бар,Ол бізді шақырса, шындыққа шақырар.Атылған хаттар-айҚанаты тым ыстық,Кімдерге жетті екен нүкте боп?!Бес күндік бұл фәниБес құлаш матамен оралып,Тым алыс қашыққа жолданар,Өйткені біздегіӨмірдің мазмұны Өлімнің тілімен оқылар Олар...Алқымды сабадайАжалдың пырағын кісінетіп,Алласын көрмеккеАспанға аттанған ғайып боп,Бұл неткен қайсарлық!Өлсем ғой шіркін-ай,Осылар секілді шәйіт боп.Кеше...Кеңестік бодандықМенің күп-күрең қаныма суарып,Қып-қызыл ту ілгенКермек жасымдыКекете сімірген.Мен содан...Алаш боп үзіліпАзат боп қайтадан тірілгем,Тірілгем...Жусанның бұрқырап бүрінен...Ықылас Ожайұлы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тәуелсіздік қыраны