Жаңалықтар

А.В.Матвеев және М.А.Малиев

Матвеев Александр Владимирович 1915 жылы Петропавлда туған. Осында ол мектеп пен механикалық завод жанындағы ФЗО­ны бітірді. Қала кәсіпорнында токарь, шофер болып істеді.
03.09.2014 13:06 2317

Матвеев Александр Владимирович 1915 жылы Петропавлда туған. Осында ол мектеп пен механикалық завод жанындағы ФЗО­ны бітірді. Қала кәсіпорнында токарь, шофер болып істеді.

1940 жылдың қаңтарында комсомолдық шақырумен Қазан жаяу әскерлер училищесіне келіп, оны бітіргеннен кейін 1941 жылдың мамырында 15­мотоатқыштар бригадасына жіберіледі. Өжет жауынгер шайқастармен Сталинградтан Берлинге дейін жүріп өтті. Қатардағы жауынгерден гвардия

полковнигіне дейін, взвод командирінен батальон командиріне дейін өсті.

Соғыс Матвеев үшін механикаландырылған полкта броневик командирі болып жүрген батыс шекарасында, 1941 жылдың 22 маусымында басталды. Сол күні лейтенант ұрысқа алғаш кірісіп, жаралы болады.

Ал оның өз батальонымен қанша шайқастарға қатысқанын санап шығу қиын. Сталинградтан кейін Курск иініндегі шайқас, Днепрден өту, Киевті алу, Днепр мен Пруттағы, Румыниядағы ұрыстар, ақыр аяғында Польша. Комбат Матвеевтің омырауында екі жауынгерлік орден – Қызыл Жұлдыз және Қызыл Ту ордендері жарқырады.

Түнгі сағат үште қала алынды. Ал 16 қаңтарда таңертең ерте Матвеев түскен олжаларын есептеді. Қаладан бір жарым километр жерде далалық аэродромда немістің 18 ақаусыз самолеті тұрды. Жанармайы мен оқ­дәрісі бар алты қойма қолға түскен. Шайқаста қарсыластың 250 солдаты құртылып, 30 фашист, соның ішінде 14 офицер, 2 генерал тұтқынға алынды. Зәрелері ұшқан, ұнжырғалары түскен тұтқындалған офицерлер топтала тұрып, алаулаған бетін сүрткен қою шашты орыс капитанына қарап қалған.

КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1945 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен Александр Владимирович Матвеевке Кеңес Одағының Батыры атағы берiлді.

Берлинді бомбылауды Матвеевтің батальоны солтүстік шетінен бастады. Тоғыз күн бойы толық мағынасында оқтың ортасында жүрді. Шайқас әр көше, әр үй, әр қабат үшін болды. Алда Кеңес солдаттары Жеңіс туын тіккен рейхстаг көрінеді. Матвеев үшін қырық бірдің мамырында Украинаның Радзивимсов шағын қалашығында басталған солдаттық ұзақ, ауыр жолының аяқталған жері осы болды.

Соғыстан кейін Матвеев армияда он жыл болып, 1955 жылы подполковник шенінде запасқа босап, Петропавлға келді, астық өнімдері жүйесінде жұмыс істеді. 1972 жылдың 12 желтоқсанында дүние салды. Петропавл қаласында бір көше Матвеевтің атымен аталады.

 Малиев Михаил Алексеевич 1923 жылы Пермь облысының   Кунгур   қаласында   туған.   Соғыстың   алдында   туысқандарымен Петропавл қаласына көшiп келген. 1941 жылы Малиевтi Петропавлдың аудандық әскери комиссариаты Қызыл Армия қатарына шақырады. 1942 жылы әскери­инже­ нерлiк училищенi бiтiредi.

Майданға 1943 жылы кiрдi. Шабуыл операциялары кезiнде су шептерiнен ойдағыдай өту көбiне­көп инженерлiк әскер жеке құрамаларының iскерлiгi мен батырлығына байланысты. 127­жеке понтонды­көпiр батальонының (Дала майданының I понтонды көпiр бригадасы) взвод командирi лейтенант Малиев ерекше батылдығымен көзге түстi. 1943 жылғы 16 қарашада Переволочная селосы маңында (қазiргi Пол­ тава облысының Кобелянск ауданының Светлогор селосы) Днепрден өту кезiнде қарсыластар өткелдi қатты оқ астына алса да, понтонды­көпiр бригадасының саперлерi ерекше ұстамдылық пен iскерлiк көрсетiп, судан үздіксiз өтудi қамтамасыз еттi.

Бұл күнi лейтенант Малиев оң жағалаудан сол жаққа паром жүргiзiп бара жатты. Тура тиген артиллерия снарядынан зақымдалған паром алты метр тереңдiкке батып кеттi. Оң жағалауда шайқасып жатқан бiздiң әскерлерге оқ­дәрi, азық­ түлiк, қосымша күш ауадай қажет едi. Сондықтан да Малиев қайткен күнде паромды су бетiне шығарып алуға бел буды.

Бұршақтай бораған оқтың астында киiмдерiн шешiп тас­ тап, водолаз костюмiнсiз паромның тартпа тросының болттарын босату үшiн ол тереңдiгi алты метр суға үш рет сүңгiдi. Негiзгi жұмысы бiтiп, паромның жалпақ табаны су бетiне көрiнуге шақ қалған едi. Бiрақ лейтенантқа көмектесiп жүрген саперлар өз командирiн су бетiнен көре алмады. Алға қойған мiндетiн орындағанымен, өзi қаза тапты. Оған Кеңес Одағының Батыры атағы 1944 жылы 22 ақпанда берiлiп, Ленин орденiмен қоса марапатталды.

Михаил Алексеевич Малиев мәңгiлiк әскери бөлiмше құрамының тiзiмiне жазылған. Малиевтiң қаһармандық ерлiгi Пермь мен Киев баспаларында шыққан «Прикамье Алтын жұлдыздары» (Пермь, 1947 ж. 3-басылым) және «Оның сон­ да толар жасы...» (Киев, 1985) деген кiтаптарда кеңiнен баяндалған.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға