Жаңалықтар

Ақтаудағы ашық есік күні

Ақтаудағы ашық есік күні
06.08.2018 01:53 2048

Ағымдағы жылдың 3 тамызында «Республикалық бірыңғай медиация күніне»  орай  Ақтау қаласы, 26 шағынауданда  орналасқан   Маңғыстау облыстық  ауруханасы  ғимаратында  Ашық есік күні өтті.

Мақсаты — медиация жайлы толық ақпарат беріп, әртүрлі дау-дамайды сотқа жеткізбей бітімгерлікпен шешуді насихаттау және түсіндіру.   

«Ашық есік күні» акциясы  аясында   облыстың  кәсіби деңгейдегі медиаторлары  120-дан аса адамға  медиация жөнінде түсінік беріп,  бұзақылық, ұрлық, қызметін асыра пайдалану, алимент өндіру, қарыз ақша өндіру, ажырасу даулары туралы  тегін кеңес берді.  Іс-шараға сонымен қатар заңгерлер мен судьялар да қатысты. Медиация ұғымы туралы арнайы анкеталар алынып, брошюралар таратылды.

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинеті өз қызметін жүйелі түрде жүргізуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға