Жаңалықтар

Ақтауда «Шевченко кездесулері» өтті

Ақтауда «Шевченко кездесулері» өтті
23.05.2019 09:35 3592

Ақтауда әйгілі украин казак ақыны, суретші Тарас Григорьевич Шевченконы еске алуға арналған кеш өтті.

Патша үкіметіне қарсы шыққаны үшін оны алдымен Орынбор облысының Ор қамалына отырғызған, кейін сол облысқа қараған Қазақ даласына - Маңғыстауға айдап тастаған. Қазақстанда оның есімімен қала, елді мекендер мен көшелер аталады. 

Қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне, қылқалам өнеріне өшпес із қалдырған украин халқының ұлы перзенті Тарас Шевченко небәрі 47 жыл ғана өмір сүрсе, соның 7 жылын Маңғыстауда өткізген.

Жазалау мақсатында қазақ даласына жер аударылғанымен киелі өңірдегі 7 жыл украин ақыны үшін шығармашылықпен айналысуға нағыз сәтті кезең болды. Сол құнды жәдігерлер Форт-Шевченко қаласындағы суретшінің есімімен аталған музейде сақтаулы.

DSC05630.JPG

Украин этномәдени бірлестік Форт Шевченко кешенінің мұражайымен бірлесіп Ақтаудағы Достық үйінде «Шевченко кездесулері» атты салтанатты іс-шарасын ұйымдастырып өткізді.

Келген қонақтарды нан-тұзбен қарсы алғаннан кейін көпшілікке концерт бағдарлама ұсынылды. Өнерпаздар әсем әндермен, мың бұралған билерімен іс-шараның көрігін келтірді. 

DSC05672.JPG

«Смеричка» триосы мен «Червона калина» украин этномәдени орталығының хоры Тарас Шевченконың сөзіне жазылған «Рэвэ та стогнэ Днипр шырокый» атты әнін орындаса, ең жас қатысушы Юли Лесниченко «Достық» және «Қазақстан жері» әндерін тындаушыларға паш етті.

«Альтаир»,  «Қарлығаш», «Жауказын», «Алма» балабақшалары, № 5 и № 23 Ақтау орта мектептердін оқушыларынан құралған би топтары да өз өнерін көпшілікке тарту етті.

DSC05618.JPG

Қатысушыларға, әсіресе балаларға тәтті сыйлықтар мен ескірткіштер тарту етіліп, украин этномәдени орталығының атынан алғыс хаттармен марапатталды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға