Ақтауда ҚХА мүшелері экологиялық сенбілікке шықты
12.09.2018 12:45
2113
Маңғыстау облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "ЭКО Манғыстау" үкіметтік емес мекемесі қала сыртындағы "Шора" су каналында экологиялық сенбілікті ұйымдастырып өткізді.
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы "Қоғамдық келісім" КММ-сі, РЖҚ "Жаңғыру жолы" өңірлік штабының белсенді жастары аталмыш шараға белсенді түрде атсалысып, сенбілікке қатысты.
Бұл әрекеттері арқылы сенбілікке қатысушылар қаланы экологиялық таза аймаққа айналдырып, жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, қаланың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулуға үндеу тастады.
Сенбілік барысында 70-тен аса қап қоқыс жиналып, олар іріктеліп, сұрыпталып, арнайы компанияларға өңдеуге жөнелтілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға