Жаңалықтар

Ақтауда гитара музыкасына арналған концерттік кеш өтті

Ақтауда гитара музыкасына арналған концерттік кеш өтті
23.04.2019 00:00 4224

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде «Русское землячество» орыс этномәдениет бірлестігі ұйымдастырған гитара студиясының концерті өтті.

Студия жетекшісі Сергей Лобач көрермендерге Ақтаудың жас гитаристерінің өнерлерін ұсынды. Әртістердін ішіндегі ең жасы Диана Кушнерова он жаста. Студия оқушылары жеке нөмірлерімен бірге гитара дуэттері және ансамбль қатарында өнер көрсетті.

Сахнада әртүрлі музыка орындалды: пьесалар, жаңадан шыққан және белгілі сазгерледін шыгармалары. Аудитория халықтық және классикалық әуендерді, танымал орындаушылардың репертуарынан рок-әуендерді және бидің де музыкасын тамашалады. Тәжірибелі әртістер болса, гитараның денесіне қолдарын тигізетін «барабандар» дыбыстарын ерекше түрде шығаратын соқпалы стильді тындаушыларға тарту етті.

Орыс этномәдени бірлестігінің төрайымы Зинаида Лиханованың айтуынша, Ұлттық рухты көтеру, салт-дәстүрімізді, тілімізді және әундерімізді сақтап қалу үшін осындай шығармашылық кештерді өткізудің маңызы зор.

«Біздің көпұлтты елімізде Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтың ұлы идеяларын жүзеге асыру үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

Сахнада біздің бай жеріміздің ұлт өкілдері өнер көрсетіп, түрлі тілдердегі әндер орындалды»,- деді Зинаида Лиханова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға