Жаңалықтар

Ақтауда «Альтаир» халық би ансамблі 55 жылдық мерейтойын атап өтті

Ақтауда «Альтаир» халық би ансамблі 55 жылдық мерейтойын атап өтті
03.06.2019 18:10 5928

Ақтаудағы Абай атындағы Мәдениет сарайында көрермендер «Альтаир» халықтық би тобы 55-жылдық мерейтойын үлкен мерекелік концертпен атап өтті.

Ұжымның тарихы 1964 жылдан басталды.Ол кезде жас қалаға Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген жас мамандар өздерінің ұлттық әндерін, музыкасын және билерін әкелді.

DSC_0289.jpg

Ансамбльде үлкен шығармашылық өмірбаян бар. Би тобының бірінші жетекшілері – Валерий Джанжолия, Олег Бекоев, Виктор Бочарников, Алик Думановский, Юрий Осокин, Вячеслав Митрофанов, Лидия Мейдер. 1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін ансамбльды Тамара Думановская басқарады. Ол бұл салада көптеген ұрпақтар легін тәрбиелеп шығарды.1981 жылы ансамбльге жемісті еңбегі үшін «Халықтық» атағы берілді.      

«Алтаир» ансамблі көптеген конкурстар мен фестивальдердің лауреаты. Репертуарында ТМД және әлемнің әртүрлі елдерінің билері бар.

«Би арқылы әр халықтың табиғатын, мінезін танып, білуге болады. Бұл бізге елімізде тұратын түрлі ұлттың мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Біздің ұжымды Қазақстан халқы Ассамблеясының шағын көшірмесі деуге болады. Украиндер өзбектің, кәрістер татардың биін жоғары шеберлікпен орындай алады. Ансамбль біздің қаламыздың көптеген концерттері мен мерекелерінің қатысушысы, сондай-ақ жыл сайынғы республикалық байқауына қатысады», – дейді ансамбль жетекшісі.

            DSC_0331.jpg

Көп жылдар бойы ансамбль аудан мен облыстың барлық кенттерін концерттермен аралап қайтты.

Ансамбль репертуарында 30-дан астам әлем халықтарының биі, қазіргі заманғы, сюжеттік би, хоеографиялық суреттер бар. Ансамбль бірнеше рет облыстық сахнада өнер көрсетіп, облыстық байқаудың қорытынды концерттеріне қатысты. Халықаралық, республикалық, облыстық фестивальдер мен конкурстардың лауреаты және дипломанты атанды.

55 жыл бойы «Альтаир» халықтық би ансамблі ең тұрақты, ең жарқын ұжым болып табылады.

DSC_0368.jpg

Мерейтойлық концертке Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Аманғали Нұрдәулетов Тамара Думановскаяны мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны, мәдениет жүйесінде инновациялық қызметі үшін «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапаттады.

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ералы Тоғжановтың атынан құттықтап, алғыс хатты тарту етті.

DSC_0406.jpg

Украин этномәдени бірлестігінің төрәйымы Татьяна Лесниченко Украинаның Қазақстандағы елшісінен Тамара Думановскаяға құттықтау хатын табыстады.

Концерттің бағдарламасында көрермендер украиналық гопак, орыс биі «березка», поллеская кадриль атты әдемі билердің калейдоскопын тамашалады. Қырғыз, украин, татар және белорус билері сығандар, молдова және кавказ билерімен алмасып, көрермендердің зор ықыласына бөленді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға