Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасына қатысты 1066 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Қаңтар оқиғасына қатысты 1066 қылмыстық іс тергеліп жатыр
01.06.2022 20:12 1767

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ «Қаңтар оқиғасының» тергеу барысы туралы баяндады,- деп хабарлайды El.kz.

– Мемлекеттік обьектілерді қирату, мүліктерді жою және терроризм актілері Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда қалалары мен ШҚО да жасалған. Алматы қаласында жасалған мән-жайларға тоқталсақ, зорлық-зомбылықтың, қиратулардың, билік өкілдеріне қарсы күш қолданудың ең ауыр фактілері осы қалада тіркелген. 4 қаңтарда шамамен сағат кешкі 6 мен 8 аралығында азаматтар Алматы арена мен Халық арена спорт кешені жанында жиналған. Бұл нүктелер логистика тұрғысынан Алматының шалғай аудандарынан азаматтардың келуіне және Алматы облысынан қалаға кіру үшін ыңғайлы болған, - деді Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Қилымжанов Елдос Тоқтасынұлы.

Алматы қаласы бойынша барлығы 587 бейне бақылау жойылған. Оның 283-і Орталық жедел басқармасына тиесілі. 304-і сергек көшенің бейне бақылаулары.

Алматы қаласында қаңтар оқиғасында жасалған барлық қылмыстар бойынша тергеу органдарында 1066 қылмыстық іс тергелуде. Оның ішінде 5-і жаппай тәртіпсіздіктер, 5-і терроризм актілері бойынша. Соттың санкциясымен 205 адам қамауда.

Еліміз бойынша 5065 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген. 514 күдікті сот санкциямен қамауда. Сондай-ақ 1500 зақымдалған обьекті тіркелгенін атап өтті.

– Жаппай тәртіпсіздік барысында қару-жарақ дүкендерінен және құқық тәртібі органдарының әкімшілік ғимараттарынан 2900 қару, 63180 оқ-дәрі ұрланған. Ұрланғандардың ішінде 35 гранат атқыш, 8 пулемет, 268 автомат, 594 тапанша, 98 мылтық бар. Полиция қызметкерлері бұзақылардың қару-жарақ жасырған 215-тен астам орындарын тапқан. Жалпы, қарудың 1500 бірлігі мен оқ-дәрінің 39 мыңнан астам бірлігі табылды, - деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Әділов Санжар Аскенұлы. 

Ақпаратты әзірлеген Миражан Бақытжанқызы

Фото https://aikyn.kz/

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға