Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: ІІМ тергеу мәліметтерін жариялады

Ішкі істер министрлігі тергеуді жалғастыруда
Қаңтар оқиғасы: ІІМ тергеу мәліметтерін жариялады
Фото: El.kz 23.08.2022 16:27 1710

Бүгін ОКҚ-да қаңтар оқиғасының тергеу барысы туралы ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтің қатысумен брифинг өтті, деп хабарлайды El.kz.

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің жалғасып жатқанын атап өтті.

«Қаңтардағы оқиғаларды тергеу бағыты басқаша. Бірақ тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін барлық құқық қорғау органдары тартылған. Террористік актілермен, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларды анықтаумен арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел тергеу топтары айналысуда. Өкілеттілігін асыра пайдалану туралы азаматтардың шағымдары бойынша тергеудің сыбайлас-жемқорлыққа қарсы орган қызметкерлері жекеленген жағдайларда арнайы прокурорлар жүргізуде», - деді тергеу департаментінің бастығы.

Сондай-ақ брифингте жаппай тәртіпсіздік аясында жасалған ұрлық, банк тонау, көлікті заңсыз айдап кету, бұзақылық және қару ұрлау фактілері бойынша тергеу амалдарының жүріп жатқандығы туралы айтты.

«Біздің ортақ міндетіміз – толық объективті және жан-жақты тергеу жүргізу. Азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге көмектесу. Сондай-ақ алдағы уақытта осындай қайғылы оқиғаларға жол бермеу үшін қажетті және кешенді шаралар қабылдау», - деді ол.

Айта кетейік, қаңтар оқиғалары барысында қылмыстық элементтің кездейсоқ тап болған көптеген азаматтар зардап шекті. Тіпті олардың кейбіреуі ұйымдастырушылар мен арандатушыларға еріп, өздері қылмыс жасауға дейін барған. Бұл бағытта департамент басшысы атқарылып жатқан шараларды тізіп шықты.

«Қазір біз құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, осы оқиғаларға тікелей қатысы бар күдіктілерді анықтау бойынша қажырлы жұмысты жалғастырудамыз. Олардың әрқайсысына мұқият тергеу жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша анықталған күдіктілер сотқа берілуде және жасалған әрекетіне байланысты тиісті жазаларын алады», - деді тергеу департаментінің бастығы.

Ресми мәлімет бойынша, полиция тергеушілері қаңтар оқиғалары бойынша 4642 қылмыстық іс қозғалып, 971 істің өндірісі аяқталған. Оның ішінде 609 айыпталушыға қатысты істер сотқа жолданып, нәтиже бойынша 539 айыпталушыға үкім шыққан. Олардың 425-і бас бостандығын шектеуге және тек 104-і ғана ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталды. Қазір полиция тергеушілерінің өндірісінде 276 іс бар.

«Жалпы бүгінгі таңда полиция тергеушілері мен бірге 40 мыңға жуық тергеу жұмыстары жүргізілді. 15 мыңнан астам азаматтан жауап алынды. Сондай-ақ 2500 мыңнан астам сараптама тағайындалды. Зардап шеккен азаматтарға 360 млн теңгеге жуық сомаға бағаланған залалды өтеу қамтамасыз етілді. Оның ішінде сотқа дейінгі тергеу және істерді сотта қарау сатысында күдіктілер өз еріктерімен жәбірленушілерге 15 млн теңгеден астам сомаға залалды өтеді. ІІМ сотқа дейінгі тергеу барысында азаматтардың процестік құқықтарының сақталуын қадағалауда», - деді баспасөз мәслихатында ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға